Қазақстандық теннисші «Үлкен дулығаның» үш дүркін жеңімпазын ұтып кетті
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Монте-Карло мастерс турнирі бастала салысымен атақты швейцар Стэн Вавринканы ұтып кетті. Осылайша, ол өз мансабындағы маңызды жетістіктердің бірін қоржынына салды, хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы жалғыздан өнер көрсетуде келесі айналымға шығу үшін көп еңбектеніп, үш партия бойына барын салуына тура келді. Ол бірінші сетте Стэннен жеңіліп қалды - 3:6, содан кейін келесі екі партияда тізгінді өз қолына алды - 7:5, 6:2. Бірақ бұл арада үлкен ракетка шебері швейцариялықтың жарақат салдарынан бір жылдан астам уақыт бойы жарыстарда төбе көрсетпегенін айта кету керек.
Енді Александр Бублик екінші раундта матчтың жеңімпазы Пабло Каррено Бустпен (Испания) (13) және Себастьян Баезбен (Аргентина)(Q) кездеседі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript