Әйелдер күресінен Азия чемпионатында Қазақстан қолаға ие болды
Сурет: Instagram/yerkebayevagulmaral
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Гүлмарал Еркебаева Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 келіде қола жүлдені жеңіп алды.
Ол жұбаныш финалындағы қарсыласы, жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Айта кетейік, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыстағы екінші жүлдесі.
Бұған дейін 68 келі салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова топ жарып, Азия чемпионы атанды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript