Жаңалықтар тізбегі
0

Жәмила Бақбергенова екі дүркін Азия чемпионы атанды

Азия чемпионы, Қазақстан, Моңғолия, әйелдер күресі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2022 14:07 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды. Турнир Ұлан-Баторда өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлан-Батор бозкілемінде ол 72 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. "Дөңгелек айналым" жүйесі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз қарсыластарының бәрін жеңді. Атап айтқанда, ол Даваанасан Енхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) мен Сумире Ниикура (Жапония) сынды мықты балуандардың жауырынын жерге тигізді. ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Нәтижесінде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды салды. Жарыстың алғашқы күнінде оның сыңары Мадина Бақбергенова 68 келі салмақта топ жарған болатын. 

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр. Әйелдер күресінен кездесулер дөңгелек айналым жүйесі бойынша өтуде. Спортшылар өздерінің салмақ дәрежесінде барлық балуандармен әр айналымда белдесіп, жеңімпазды анықтайды. Жәмила аталған жүйе бойынша барлық қарсыласын бірдей жеңіп, уақытынан бұрын алтынға қол жеткізді.ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Бұл Жәмила Бақбергенованың Азия чемпионатындағы екінші алтыны. Ол бұған дейін 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында үздік атанған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: