Жаңалықтар тізбегі
0

Жәмила Бақбергенова күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанды

АЧ-2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 20:33 Сурет: Instagram/zhamila.bakbergenova
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының капитаны Жәмила Бақбергенова өз мансабында үшінші рет Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалағы жекпе-жекте бас жүлде үшін отандасымыз жапондық балуан Сумире Ниикурумен белдесіп, 5:1 есебімен оны жеңіп кетті. Осылайша Жәмила Азияның үш дүркін чемпионы атанды.

Бұған дейін ол Үндістанда (2020) және Моңғолияда (2022) Азия чемпионатының басты жеңімпазы атанған. Сондай-ақ ол әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері.

Осылайша, Жәмила Бақбергенова әйелдер құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды. Бір күн бұрын Эльмира Сыздықова жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілген еді. 76 келіге дейінгі салмақта оған шақ келетін балуан болмады.

Азия чемпионатында Қазақстанның балуан қыздары 5 жүлдеге ие болды: 2 алтын және 3 қола. Үшінші орынды Марина Седнева (55 келіге дейін), Нилифур Раимова (57 келіге дейін) және Елена Шалыгина (68 келіге дейін) иеленді.

Бес медаль біздің спортшыларымызға 2023 жылғы әйелдер күресінен Азия чемпионатының жалпы командалық есебінде үшінші орын алуға мүмкіндік берді. Алда Жапония мен Қытай өкілдері тұр. 13 сәуірде елорда төріндегі боз кілемге еркін күрестен бақ сынайтын балуандар шығады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: