Ақбар Құбанов Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші медальді салды

Еркін күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2022 17:18 Сурет: olympic.kz
61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық балуан Ақбар Құрбанов Азия чемпионатында қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақбар Құрбанов үшінші орын үшін тартысты айқаста жеңіліп жатқанына қарамастан, Бахрейннен келген Алибег Алибеговтың қолынан жеңісті жұлып алды. Есеп - 5:4.

Осылайша, ол Қазақстан қоржынына төртінші медальді салды. Бұған дейін, Рахат Қалжан күміс медаль ұтып алса, "қола" жүлдеге Талғат Сырбаз мен Мамед Ибрагимов ие болған еді.

24 сәуірде еркін күрес жанкүйерлерін қазақстандықтардың қатысуымен өтетін тағы үш финал күтіп тұр:

Финал (74 келі): Нұрқожа Қайпанов - Йонес Алиакбар Эмамичогаей (Иран).

Финал (86 келіге дейін): Азамат Дәулетбеков - Дипак Пуния (Үндістан).

Финал (125 келіге дейін): Әлішер Ерғали - Йадоллах Мохаммадказем Мохеби (Иран).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: