Карина Құзғанбаева ауыр атлетикадан Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды
Сурет: Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 16 облысынан барлығы 217 спортшы қатысты. Ерлер мен әйелдер арасындағы біріншілікте он салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның айтуынша, ақмолалықтар жарыста түрлі номинациядағы жеті жүлдені жеңіп алды.
Жүлдегерлер қатарында Карина Құзғанбаева да бар. Ол жұлқа көтеруде алтын медальға қол жеткізіп, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды. Сонымен бірге ол серпе көтеруде күміс медельді жеңіп алды.
Әлішер Байбуров жұлқа көтеруде екінші болып, жасөспірімдер арасында республикалық рекорд орнатты, серпе көтеруде үшінші орын алды. Мира Ахметова жұлқа көтеру және серпе көтеруде бірден екі қола медаль жеңіп алды. Ислам Ілиясов жұлқа көтеруде де үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript