Жеңіл атлетика фестивалінде алматылық Кристина Овчинникова үздік атанды

Кристина Овчинникова, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 14:43 Сурет: Instagram/trackandfield.kz
Биікке секіруші қазақстандық Кристина Овчинникова Бішкекте (Қырғызстан) өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды. Жеңіл атлетика фестивалінде оған тең келер ешкім болмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы, Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы Кристина Овчинникова биіктікке секіруден 1,90 м көрсеткішпен бірінші орынды жеңіп алды.

21 жастағы спортшы Токиодағы ең жас қазақстандық олимпиадашылардың бірі болды. Ол Түркияда және Беларусьте өткен турнирлерде жақсы өнер көрсетіп, қола және күміс жүлдегер атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: