Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті

Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2025 17:07 Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті.

Айта кетейік, отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына енбеген болатын.

Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин (Грекия) - 188 сантиметр нәтижесімен иеленсе, қола медальді Стилиана Иоанниду (Кипр) - 188 сантиметр көрсеткішімен жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: