Қазақстан жеңіл атлетикадан Астанада өткен әлемдік турнирде екі медаль жеңіп алды

Қазақстан жеңіл атлетикадан Астанада өткен әлемдік турнирде екі медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2025 10:19 Сурет: olympic.kz
Астанада World Athletics Indoor Tour Gold сериясының кезеңі аяқталды. Жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жетістіктің авторлары – Елизавета Матвеева мен Игорь Косолапов. Екі спортшы да биіктікке секіруде үшінші нәтиже көрсетті.

Ал Давид Ефремов (60 метрге кедергілермен жүгіру), Дэйзи Джепкемей (3000 метр) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) жүлдеге бір қадам жетпей қалды.


"Жүлдегерлер қатарына енбегеніме қарамастан, нәтижеме ризамын. Себебі бұл – маусымдағы алғашқы жарыс, дайындық қиын болды. Бірақ жақсы өнер көрсеттім деп айта аламын. Әрине, бұл менің ең жақсы нәтижем емес, бірақ жарақаттан кейін жүктелген міндеттерге дайындалуға мүмкіндігім болмады. Дегенмен, 184 сантиметрге секірдім. Өзімді мақтан тұтамын. Осылайша, қысқы турнирлерде өнер көрсетуімді аяқтаймын. Дәрігерлермен, бапкерлермен кеңесе отырып, толық емделіп, жазғы маусымға дейін денсаулығымды жақсартуға және дайындалуға шешім қабылдадық. Жүктемелерді ағзам көтере алатындай етіп қабылдауға тырысамыз, әрі бұрынғыдай жарыстарды өткізіп алмауға жұмыс жасаймыз", - деді жабық алаңдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая.

Айта кетейік, Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes жарысында барлық фаворит жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Мысалы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Андре Де Грасс (Канада) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Ниа Али (АҚШ) жүлдесіз қалды. Танымал кедергімен жүгіруші Али жарақатына байланысты іріктеу кезеңін сәтті аяқтай алмады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: