Головкин Биволды «Канелоны» жеңгенімен құттықтады
![Геннадий Головкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2022 14:58](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-6fa91c3d-791f-4154-8ac4-e43929706afe/800x451.webp)
Жекпе-жектен кейін бірден «Канело» реванш өткізуді талап етті. Ресейлік боксшы келісті. Боксшылар арасындағы реванш Головкин-Альварес трилогиясына қауіп төндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ресейлік Дмитрий Биволды (20-0, 11 КО) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңгенімен құттықтады.
Головкин жекпе-жек нәтижесіне қатысты пікірін Twitter-де жазды.
Жеңісіңіз құтты болсын, Бивол. Барлығы күшті, дәл осылай жалғастыра беріңіз, – деп жазды Геннадий Головкин.
Дмитрий Бивол Сауль «Канело» Альваресті бірауыздан ұтты. Бивол жартылай ауыр салмақтағы WBA Super титулын қорғады.
Жекпе-жектен кейін бірден «Канело» реванш өткізуді талап етті. Ресейлік боксшы келісті. Боксшылар арасындағы реванш 2022 жылдың қыркүйегінде Головкин-Альварес трилогиясын өткізуге қауіп төндірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript