NBA флей-офф матчы кезінде оқ атылып, бір жанкүйер қаза тапты
Сурет: wikipedia
"Милуоки Бакс" пен "Бостон Селтикс" арасындағы ойын аяқтала салысымен, белгісіз біреу "Файсерв-Форум" стадионының жанында қарудан жан-жағына оқ жаудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
New York Post газетінің хабарлауынша, оқтың дауысын естіген жанкүйерлер тым-тырақай жан-жаққа қашып, үлкен дүрбелең туғызды.
Атыс салдарынан бір адам қаза тауып, бір әйел мен ер адам зардап шекті. Оқ жаудырушы ұсталды.
Матч кезінде стадионда 11 мыңға жуық адам болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript