Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан Канадамен бір топқа түсті

шайбалы хоккейден жарыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 09:01 Сурет: icehockey.kz
Канададан бөлек, АҚШ Қазақстанмен бір топта. Бұл екі команда да әлемдегі ең мықты хоккей командаларының бірі саналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2023 жылы Финляндия мен Латвияда өтетін әлем чемпионатының топ құрамын жариялады.

А тобында Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Дания, Франция, Австрия және Венгрия құрамалары өнер көрсетеді.

В тобында Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия, Қазақстан және Словения ойнайды.

2023 жылғы әлем чемпионаты 2023 жылдың 12-28 мамыры аралығында Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қалаларында өтеді. Ойын кестесінің егжей-тегжейлері алдағы айларда белгілі болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: