Роналду құрама сапында салынған гол бойынша рекордты жаңартты
![Манчестер Юнайтед, футбол, Португалия, Криштиану Роналду, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 12:58](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-1418978c-6211-4328-b73c-c289c252c2da/800x451.webp)
Португалиялық форвард Криштиану Роналду құрамадағы гол соғу рекордын жаңартты. Шабуылшы Португалия сапында 116 және 117-голды соғып, құрама сапында гол соғу жағынан рекордшылар тізімін жалғыз өзі бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Португалия шабуылшысы Швейцария құрамасымен Ұлттар лигасының матчында дубль жасады, оның командасы 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Құрамадағы бұл екі гол «Манчестер Юнайтед» ойыншысына бәсекелестерінен айтарлықтай алыстауға мүмкіндік береді.
Ұлттық құраманың үздік мергендерінің тізімі:
1. Криштиану Роналду (Португалия) – 188 матчта 117 гол;
2. Али Даеи (Иран) – 109 (148);
3. Мохтар Дахари (Малайзия) – 89 (142);
4. Лионель Месси (Аргентина) – 86 (162);
5. Ференц Пушкаш (Венгрия) – 84 (89).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript