Қазақстандық велошабандоз Азия біріншілігінде қола медальға ие болды

Омниум жарысынан Азия біріншілігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2022 23:51 Сурет: Instagram/kcfkz
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова велотрек жарысы - омниумнан Азия біріншілігінің қола медалін ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР велоспорт федерациясы атап өткендей, Қазақстан велоспорты тарихында Ринатаға дейін бір де бір спортшы омниумнан Азия біріншілігінің жеңіс тұғырына көтеріліп көрген емес.

Ол игерген нәтиже спортшының әлемдік рейтингтің үздік ондығынан орын тебуге мүмкіндік береді, осылайша Рината алда Парижде өтетін Олимпиада ойындарының іріктеу сынына жолдаманы әзірден қанжығасына байлап үлгерді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: