UFC қазақстандық Мария Агапованың келесі жекпе-жегін бекітті
Сурет: Instagram/mma.mashka
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова ресми түрде американдық промоушенде бесінші жекпе-жегін өткізетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агапованың алдағы жекпе-жегі туралы хабарлама Instagram UFC Russia парақшасында жарияланды.
Спортшы АҚШ-тағы Техас штаты, Далласта UFC 277 турнирінде өнер көрсетеді. Агапованың қарсыласы - Оңтүстік Корея тумасы Джи Йон Ким.
Кореялық спортшы UFC-де сегіз жекпе-жек өткізген, оның үшеуі - жеңіс, бесеуі - жеңіліс.
Қазақстан америкалық промоушенде төрт жекпе-жекте өткізді, оның екеуі - жеңіс, тағы екеуі жеңіліс екенін айта кетелік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript