Мария Агапова UFC аясындағы келесі жекпе-жек өтетін күні мен қарсыласын атады
Сурет: Instagram/mma.mashka
Қазақстандық UFC өкілі Мария Агапова келесі жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады. 25 жастағы павлодарлық спортшы сегізбұрышқа 30 шілдеде оралады, деп хабарлайды Zakon.kz.
UFC 277 турниріндегі қазақстандық боксшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Джи Ёнмен кездесуді жоспарлап отыр.
Әлемнің басты промоушенінде 32 жастағы кореялық әйел сегіз жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетіп, бесеуі жеңіліске ұшыраған.
Мария Агапова 5 наурызда UFC 272 аясындағы соңғы жекпе-жегінде украиналық Марина Мороздан жеңіліп қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript