Жаңалықтар тізбегі
0

Шавкат Рахмонов UFC турнирінде Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жер жастандырды

UFC Vegas 57, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2022 10:40 Сурет: Instagram/shavkatrakhmonov94
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC Vegas 57 турнирі аясында өткен жекпе-жегінде америкалық Нил Мэгниден мықты болып шықты. Ол мерзімінен бұрын 16-шы жеңісіне қол жеткізді, оның төртіншісі атақты промоушен алаңында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекпе-жектің бірінші раундында Шавкат айқын басым болды. Партерде қарсыласын тырп еткізбей ұстап, алғашқы үшминуттықты өз еншісіне жазды. 

Екінші раунд аяқталар тұста 27 жастағы қазақстандық файтер Нилды қылқындырып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті. 

Осылайша, Шавкат UFC-дағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. 

Нил - жақсы спортшы, бірақ мен өз мүмкіндігімді күттім, ол жекпе-жектің екінші кезеңінің соңына сай келе кетті. Бәрі мені жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтайды деп ойлайды, бірақ мен әрқашан оңтайлы сәтті күтемін және ыңғайы келгенде қарсыласымның осал тұсын пайдаланамын. Енді алда Стивен Томпсонмен кездескім келеді. Шавкат Рахманов

Стивен Томпсон - американдық аралас стильдегі жекпе-жек шебері, кәсіби кикбоксшы. UFC чемпионы белбеуінен үміткер. Жеңіл салмақта UFC рейтингісінде 7-ші орынға ие.

Айта кетейік, дәл осы турнирдің басында тағы бір жерлесіміз Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пайваны ұтып кетті.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: