Wimbledon: 2022 жылдың барлық жеңімпаздары
Елена Рыбакина , 23 жастағы Үлкен Дулыға турнирінің титулын жеңіп алған алғашқы тарихта қалатын Қазақстандық теннисші болды. Сонымен қатар, Елена Қазақстан Теннис федерациясының сыйлығынан бас тартып, жүлделердің бір бөлігін Қазақстандағы балалар теннисін қолдауға және дамытуға беру туралы шешім қабылдады.
Новак Джокович тағы да чемпион атағын қорғады. Аты аңызға айналған теннисші үшін Wimbledon-дағы жеңісі мансабындағы жетінші және қатарынан төртінші болды. Алайда, жеңіске қарамастан, Джокович КТА әлемдік рейтингінің 7-ші қатарына түсті.
Жыл сайын жанкүйерлердің назары әйелдер мен ерлер турниріне аударылады, бірақ Wimbledon – тек жеке разрядтағы матчтар туралы ғана емес екендігін атап өту керек.
Финалдық матчта төрт сағаттық күрестен кейін ерлер арасындағы жұптық разрядтың чемпиондары Австралиялық тандем Макс Персёлл мен Мэттью Эбден болды. Бұл жұптың жетістігі әсерге толы, өйткені жарыстағы таңдаулылар арасында №17 бола тұра, Персёлл мен Эбден турнирдің №1 және №2 іріктелгендермен жеңіске жету үшін күрескен.
Чех теннисшілері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова күнтізбелік Алтын Үлкен дулыға иегері болуға бір қадам жақын болды. Ролан Гарростағы былтырғы жеңісіне және австралиялық турнирдің титулына қыздар Wimbledon-дағы жеңісін қосты, енді оларда жабылмаған бір гештальт қалды, ол – US Open .
Аралас разряд титулының иегерлері Нил Скупски (Ұлыбритания) және Дезире Кравчик (АҚШ) болды. Олар жетістікке жете алмаған Мэттью Эбден мен Саманта Стосурды озып кетті.
Жарыс аясында Ұлыбританияның ашық чемпионатының жұптық разрядты ардагерлер турнирі – Legends Invitational Doubles өткізілді, оған мансабын аяқтаған ойыншылар қатысты.
Әйелдер турнирінің жеңімпаздары Ким Клейстерс (Бельгия) және Мартина Хингис (Швеция) болды.
Ерлер торын американдықтар Боб Брайан мен Майк Брайан басқарды.
Аралас жарыста Серб-Француз дуэті – Ненад Зимонич пен Мэрион Бартоли чемпион атанды.
Үлкен дулыға турнирлерінің бір ерекшелігі-арбадағы жарыстар. Арбадағы Теннис паралимпиадалық спорт түріне жатады, ережелердегі жалғыз айырмашылық - ойыншы корттың бетінен екінші рет секіргеннен кейін допты ұра алады.
Ерлер арасында паралимпиада чемпионы, әлемнің 1-ракеткасы, Синго Куниеда (Жапония) жеңімпаз атанды.
Нидерландыдан келген теннисші Дидье де Гроот Үлкен дулыға жарыстары олжаларының қоржынына тағы бір титулды қосты.
Жұптық сында ерлер арасында голландиялық Сэм Шрёдер мен Нилс Винк, әйелдер арасында – жапон-американдық дуэт, Юи Камидзи-Дана Мэтьюсон жеңімпаз атанды.
Кез-келген үлкен спорт жас спортшылардан басталады. Wimbledon жас теннисшілерге өздерін көрсетуге тамаша мүмкіндік береді.
Осы жылғы жеке разрядтағы чемпиондық титулдарды хорватиялық спортшы Мили Полигон (17 жас), америкалық Лив Ховде (16 жас) алды.
Жасөспірімдер арасындағы жұптық разрядтың жеңімпаздары американдық дуэт, Алекс Микельсен және Себастьян Горзны, қыздар арасында Роуз Мари Ниджкамп (Нидерланды) және Анджела Окутои (Кения) болды.