«Эль-Класико» жаңа маусымындағы алғашқы жеңіс «Барселонаға» бұйырды

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2022 11:55 Сурет: Instagram/fcbarcelona
Лас-Вегастағы (АҚШ) "Эллиджиант" стадионында әлемдік футболдың марқасқалары - каталондық "Барселона" мен мадридтік "Реал Мадрид" арасындағы жолдастық ойын Хави шәкірттерінің жеңісімен аяқталды. Есеп – 1: 0, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі клуб та ойын алаңына өз жаңа жұлдыздарын шығарды, олардың бірі ерекше көзге түсе алды.

Бірінші таймның ортасында бразилиялық "Барса" легионері Рафинья өз активін әдемі голмен толықтырды.

Осы есеп төреші ысқырғанға дейін еш өзгеріссіз қалды – 1:0 , осылайша "Эль-Класико" жаңа маусымында "каталондықтар" алғашқы жеңісін тойлады. "Барселона" жанкүйерлері бұл матчта поляк шабуылшысы Роберт Левандовскийдің дебютіне куә болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: