Италияда өтіп жатқан еркін күрестен ӘЧ: Қазақ балуаны «алтын» жүлдеге таласады
Сурет: United World Wrestling
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Дарын Әскербек АҚШ балуаны Джексон Патрик Форрестпен алтын медаль үшін өзара таласқа түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еркін күрестен U17 әлем чемпионаты Римде (Италия) өтіп жатыр, деп хабарлайды olimpic.kz.
Алтын медаль 55 келіге дейінгі салмақта сарапқа салынды.
Жартылай финалда Әскербек Германия өкілі Яннис Ребхольцтан басым түсті. Финалға шығар алдында қазақстандық Хусанбой Усмановпен (Өзбекстан) және Арен Серобянмен (Армения) күш сынасты.
Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі - Рамиль Расим 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өнер көрсетіп, бақ сынайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript