Қазақстан теннисшісі Варшавадағы турнирде финалға шықты

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2022 15:42 Сурет: ktf.kz
Анна Данилина неміс теннисшісі Анна-Лена Фридзаммен бірге Варшавада өткен турнирдің жартылай финалында Мая Хвалинскі (Польша)/Джессика Малечкова (Чехия) жұбын ұтып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірінші партияның шешуші сәті тай-брейкте орын алып, 7:6(7:3) есебімен қазақстандық-неміс жұбы пайдасына шешілді. Екінші сетте Данилина мен Фридзам қарсыластарын таза жетті. Есеп – 6:0.

Алда BNP Paribas Poland Open жарысының бас жүлдесі үшін Данилина / Фридзам Катаржина Кава (Польша)/Алисия Росольска (Польша) жұбымен бақ сынасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: