Жаңалықтар тізбегі
0

PRO HOCKEY LEGACY 2022-2023 жаңа маусымынан нені күтеміз

Париматч ойын ұйымдастырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2022 16:09 Сурет: Parimatch
Сенбі, 10 қыркүйек күні шайбалы хоккейден Қазақстанның тұрақты Pro Hockey Legacy чемпионатының алғашқы матчтары басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аптаның соңы жаз бойы мұз ареналарындағы қызу ойындарды сағынған барлық хоккей жанкүйерлерін қуантатын болады.

Алдағы маусым ойындарына 12 команда қатысатын болады: "Алматы", "Ақтөбе", "Арлан", "Бейбарыс", "Ертіс", "Горняк", "Номад", "Құлагер", "Сарыарқа", "Снежные барсы", "Торпедо" және бұрын Жоғары хоккей лигасында өнер көрсеткен, Ташкент қаласынан шыққан Өзбекстанның хоккей клубы "Хумо" чемпионаттың жаңа командасы.

Parimatch титулдық серіктесі болып табылатын "Сарыарқа" хоккей клубы үшін бұл жыл кезекті рет төзімділікке сынақ болайын деп отыр. Қарағанды командасы екі рет Қазақстан чемпионы атанды. Хоккейшілер титулды алдағы қиын шайқаста қорғауы тиіс.

Айта кету керек, 1 қыркүйекте "Сарыарқа" финалдық матчта көкшетаулық "Арланды" 3:0 есебімен жеңіп, хоккейден Қазақстан Кубогының үш дүркін иегері атанған болатын.

"Қырандар" мен "бөрілер" арасындағы шайқастың бір ерекшелігі бар: екі жыл бойы "Арлан" Pro Hokei Ligasy чемпионатының финалында "Сарыарқаны" жеңе алмады. Осы маусымда сол жағдай қайталана ма, әлде қарағандылықтар біріншілік жүлдесінен айырылады ма, оны уақыт көрсетеді.

Parimatch коэффициенттері:

Ж1 - 1.60, Х - 4.60, Ж2 - 3.90

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: