"Ақтөбе" ФК-сы және оның серіктесі Parimatch беттинг компаниясы Қостанай облысына қайырымдылық көмек көрсетті
Қазақстанның ең танымал футбол клубы Қостанай облысында туындаған төтенше жағдайдан тыс қала алмады. Клуб басшылығы "Ақтөбе" — "Қызылжар" матчындағы билеттерді сатудан түскен барлық қаражатты зардап шеккендерді қолдау қорының шотына, яғни "Қайырымдылық KZ" ҚҚ-ға аудару туралы шешім қабылдады. Қайырымдылыққа аударылатын жалпы 7 (жеті) миллион теңгеден асты.
Осындай қиын сәттерде Қазақстан халқына тән бірлік рухы сезіледі. Қостанай бізді әрдайым жылы қарсы алады, біздің достарымыз бен алаңдағы қарсыластарымызға қолдау көрсететін кез келді. Біз өрттен зардап шеккендерге шын жүректен көңіл айтамыз және бұл қорқынышты жағдай жақын арада артта қалады деп сенеміз. Қостанай - Ақтөбе әрқашан сіздермен бірге!- деді "Ақтөбе" ФК-ның Басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев.
Parimatch серіктесінің бастамасын қолдап, қор қоржынына қосымша 7 миллион теңге бөлді. Сондай-ақ, беттинг-компанияның қызметкерлері азық-түлік және санитарлық-гигиеналық препараттар түрінде гуманитарлық көмек жинауды ұйымдастырды. Қайырымдылыққа өз үлесін қосамын деушілерге Parimatch сайтында, осы қорға белсенді сілтеме болады.
Ірі және әлеуметтік жауапты компания ретінде біз қайырымдылық іс-шараларына қатысуды өзіміздің парызымыз деп санаймыз. Қостанайдағы жағдай біздің қызметкерлеріміздің ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Шұғыл түрде қорды қолдау үшін компания есебінен каражат бөлінді, компания ішіндегі қызметкерлер арасында гуманитарлық көмек жинау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, технологиялық бренд бола отырып, біз Parimatch сайтының басты ресурсын қоғамдық қорға қаражат жинау туралы ақпаратты тарату құралы ретінде пайдалануды шештік, — деп бөлісті Роман Бойко, CEO Parimatch Kazakhstan.
Еске сала кетейік, Қостанай облысында орман өрттеріне байланысты ТЖ режимі жарияланған. 1800-ден астам адам эвакуацияланды, жүзге жуық үй қирап, өртпен қауышты.