Жаңалықтар тізбегі
0

Головкин мен Альварестің қандай қолғаппен жұдырықтасатындары белгілі болды

Қолғап таңдау Сурет: Instagram/gggboxcing
Үшінші жекпе-жегінен бір тәулік бұрын қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) бокс қолғабын таңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қыркүйекте таңертең Геннадий Головкин Лас-Вегастағы рингке қара түсті қолғаппен шығатын болды, ал Канелоның көзі жасыл түстісіне түсіпті.

Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жек 18 қыркүйекте Еуразия Бірінші арнасында тікелей эфирден көрсетіледі. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 06:00-де басталады. GGG мен Canelo арасындағы айқас алдында Димаш Құдайберген Қазақстанның әнұранын шырқайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз