Жаңалықтар тізбегі
0

The International 2022: "соңғы мүмкіндік" кімге беріледі?

Parimatch, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2022 15:04 Сурет: Parimatch
The International 2022-нің аймақтық іріктеулері аяқталды. Қазан айында күрес рекордтық 30 командамен жалғасады. Арасында Last Chance кезеңінде өте қажет слоттарды жеңіп алуға үміттенетіндер де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Dota 2 бойынша ірі халықаралық турнир 15 қазанда Сингапурда басталады. Биыл 11 миллионнан астам жүлде қоры мен чемпиондар Эгидасы үшін 20 команда бақ сынайды.

Біліктілік кезеңі қызық матчтармен және күтпеген нәтижелермен ерекшеленді. Матчтар сериясының қорытындысында көптен күткен The International 11-де 18 команда өнер көрсетеді: Team Spirit, BetBoom, PSG.LGD, OG, Beastcoast, Team Aster, Thunder Awaken, Boom Esports, TSM, Tundra Esports, Gaimin Gladiators, Evil Geniuses, Fnatic, Soniqs, Hokori, Entity, Roal Never Give Up, Talon Esports.

Аймақтық іріктеу жарыстарында жеңіске сәл жетпей қалған тағы 12 ұжым чемпионаттағы соңғы екі слотта 8-12 қазан аралығында Last Chance кезеңінде ойнайды.

Көзге түсетін үміткерлердің бірі - Team Secret. Команда капитаны Клемент "Puppey" Ивановты ерекше айтуға болады. Өйткені ол - The International-дың басынан бастап барлық маусымына қатысқан әлемдегі жалғыз спортшы. Тіпті қарсыластары да Dota 2-нің ардагері серияны жалғастыра алады деп үміттеніп отыр.

Virtus.Pro күтпеген жерден "соңғы мүмкіндікке" қатысады. Бұған дейін Ресей командасына чемпионатқа шақыру жіберілмей, санкциялар қолданылған. Спортшылардың сағы сынбай, Outsiders деген бейтарап атаумен Шығыс Еуропаның біліктілік матчтарында өз орнын алуға шешім қабылдады. Үлкен финалға еш қиындықсыз жеткенімен "аюлар" BetBoom-нан 3:0 есебімен ұтылып қалды.

Кезеңнің басқа қызық командаларының қатарына танымал Natus Vincere, Xtreme Gaming және Vici Gaming қытайлық командалары, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген T1 атты үміткер кіреді.

Киберспортқа ең кең желісі бар Parimatch беттинг-компаниясымен Last Chance раундына болжамды дәл қазір жасауға болады. Ұтыс тігу!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: