Қазақстан теннисшісі Грузиядағы турнирде қола жүлдегер атанды

Сарвиноз Миркадирова, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 13:59 Сурет: Instagram/ttfrk
Тбилисиде (Грузия) қазақстандық жас спортшылардың қатысуымен үстел теннисінен WTT Youth Contender жастар арасындағы халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 жасқа дейінгілер арасында қола жүлдегер атанған Сарвиноз Миркадирова да болды. Шымкенттік спортшы Сарвиноз Миркадирова осы жарыстар аясында Нини Липартияны (Грузия) - 3:0, Мане Казарянды (Армения) - 3:0, Тако Рижваджені (Грузия) - 3:1 есебімен ұтты. Ал финалға шығу үшін ол Конг Цз Ламға (Гонконг) 1:3 есебімен есе жіберді.

Түркістан облысының спортшысының жүлдесі жас қазақстандықтардың қазынасындағы екінші жүлде болды. Өткен аптада дәл осы жарыста Оңтүстік Қазақстан үстел теннисі мектебінің шәкірті 11 жасар Марлен Жұмағұл күміс жүлдегер атанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: