Үшінші жекпе-жектен кейінгі GGG мен "Канело" өткен допинг-тест нәтижесі жарияланды
Сурет: Instagram/gggboxing
Екі боксшы да Лас-Вегастағы трилогияны аяқтағаннан кейін допинг сынақтарынан өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін жекпе-жек қарсаңында GGG мен "Канело" WBC-тің "таза бокс" бағдарламасы аясында WADA тестінен өтуге қол қойған болатын, деп хабарлайды Sports.kz.
Олар тексеру кезеңінен еш қиындықсыз өтті. Екі боксшы да допингтен "таза" болып шықты.
Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегі 18 қыркүйекте Астана уақытымен таңертең өтіп, биылғы жылдың басты спорттық шарасында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық жеңіске жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript