Жаңалықтар тізбегі
0

Спорт демалысы: Parimatch Foundation кикбоксинг жарыстарда Қостанайдан келген балаларды қолдады

паримач, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 15:52 Сурет: Дилара Бухарбаева
Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қоры Астанадағы кикбоксингтен жарыстарға қатысу үшін келген Қостанай қаласының жас спортшыларына демеушілік көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Parimatch Foundation Қазақстанда балалар спортының дамуына белсенді қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр. 25-27 қыркүйек аралығында Астанада кикбоксингтен жарыс өткен болатын, оған әр түрлі жастағы спортшылар қатысты. Қордың қолдауымен Қостанай қаласы атынан жаттықтырушы, облыс чемпионы, Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогының екі дүркін чемпионы және кикбоксингтен Әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы Талғат Букбасаров жетекшілік еткен 2009-2015 жылы туған төрт спортшы қатысты.

паримач, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 15:52

Сурет: Дилара Бухарбаева

Біз Қостанайдан келген балаларға өнерін көрсетуге және өздерінің табанды жаттығуларының нәтижелерін көрсетуге көмектесуге қуаныштымыз. Олар жүлделі орындарға ие бола отырып, қолдарынан келгеннің бәрін көрсете білді. Болашақта спортшыларды Қазақстан туын көтеріп, жеңіп алған марапаттары мен атақтары көп болатынына сенімдіміз, - деді Қазақстандағы Parimatch Foundation жобаларының маманы Виктория Андреева.

Айта кетейік, Қостанайдан келген кикбоксинг спортшылары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы, Жандос Тұрсын (2009 ж.т.) облыстың бірнеше дүркін чемпионы және Қазақстан чемпионатының жүлдегері. Әлішер Мұлжігітов (2010 ж.т) және Тимур Насыбулин (2013 ж.т..) — облыстық және республикалық турнирлердің жүлдегерлері. Ең жас қатысушы-Леон Бродский (2015ж.т.) қазірдің өзінде облыс чемпионы атағын жеңіп алды.

паримач, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 15:52

Сурет: Дилара Бухарбаева

Астанада олардың әрқайсысы жүлделі орындарға ие болды. Насыбулин төрт жекпе-жек өткізіп, 27 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды. Бродский үш жекпе-жекте 21 келіге дейін 2-орынға  ие болды. Тұрсын мен Мұлжігітов үш жекпе-жек өткізіп, қола жүлдеге ие болды.

Кикбоксинг өзінің әмбебаптығының арқасында Қазақстанда танымал бола түсуде. Турнирлерге барлық облыстардан спортшылар жиналады. Бұл жолы қатысушылар саны 500-ге жетті. Балалар сапарға және жарыс нәтижелеріне өте риза болды, - деп атап өтті жаттықтырушы Талғат Букбасаров.

Букбасаров екі жылдан астам жаттықтырушылық қызметпен айналысып келеді. Ол шәкірттерінің арасында болашақ әлем чемпиондары бар екеніне сенімді, бірақ Қазақстанда спортты дамыту үшін ресурстар қажет екендігі жайлы айтып өтті.

Бізде көптеген қабілетті балалар бар, әсіресе кенттер мен ауылдардан көп шығады. Олардың көпшілігінде секцияларға қатысуға және жарыстарға баруға мүмкіндіктері жоқ. Менің ойымша, сондықтан дәл сол жерлерден, кикбоксинг пен жалпы спорттың дамуы басталуы керек. Жас спортшыларды қолдағаны үшін Parimatch Foundation сияқты қайырымдылық қорларына рақмет.Талғат Букбасаров

Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қоры 2019 жылдан бастап спорт және инновациялық білім беру бағыттарында қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асырып жатыр. Қор ұрпақтың салауатты және саналы болашағына инвестиция салады, сонымен қатар спортты, салауатты өмір салтын, қозғалыстық және физикалық белсенділікті насихаттайды. Parimatch Foundation қызметі әр баланың физикалық ерекшеліктеріне, әлеуметтік шектеулеріне және басқа да ықтимал кедергілеріне қарамастан, жаттығулар мен спортқа қол жеткізуге және физикалық және менталдық тұрғыдан дамуға бағытталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: