Елена Рыбакина Чехияда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына өтті

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 23:30 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның "Ролан Гаррос" ашық чемпионатында үшінші айналымда жол беріп қойған Мэдисон Кизбен тағы жүздесуге мүмкіндік алып, есесін қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Чехияның Острава қаласында өткен жекелей сында дебют жасады, деп хабарлайды sports.kz.

Әлемнің 17-ші ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизға қарсы матчтың үш сетінде де ол жеңіске жетті 5:7, 6:3, 6:3. Матч 2 сағат 11 минутқа созылды.

Кездесу барысында Рыбакина жеті эйс жасап, төртеуінде қателік жіберді. Сондай-ақ, ол сегіз гейм мен төрт ұпайды қатарынан жеңіп алды.

Бұған дейін Францияның "Ролан Гаррос" ашық чемпионатында қазақстандық теннисші үшінші айналымда осы Кизден жеңіліп қалған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: