"Барыс" командасы "Адмиралды" ұтып, Шығыс конференциясында 4-орынға көтерілді

ҚХЛ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2022 22:10 Сурет: hcbarys.kz
Астананың "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасының матчында Владивостоктың "Адмиралын" ұтып кетті. Соның арқасында отандық клуб осы маусымда алғаш рет "Шығыс" турнир кестесінде төртінші орынға орныға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Ойынның алғашқы оныншы минутта Егор Шалапов айдын иелерін алға шығарды. Ал 15-ші минутта Әлихан Әсетов есепті еселеді.

Шешуші 20 минуттық кезеңде ресейліктер есеп айырмасын қысқартқанымен, көп ұзамай тағы да бір гол жіберіп алды. 51-ші минутта Энтони Луи кездесудің нүктесін қойды.

"Барыс" (Астана) — "Адмирал" (Владивосток) 3:1 (2:0, 0:0, 1:1)

15 қазанда "Барыс" Астанада Хабаровскінің "Амур" командасын қабылдайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: