Қазақстан боксшысы мексикалықты өз шаршы алаңында нокаутқа түсірді

Кәсіпқой бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2022 12:50 Сурет: Instagram/__pavlov_e__
Евгений Павлов кәсіпқой бокста сегізінші жеңіске жетті, ал Кинтана өз карьерасындағы сегізінші жеңілісімен бетпе-бет келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіл салмақтағы WBO International чемпионы Евгений Павлов (7-0, 5 КО) Тихуанада (Мексика) рингке жергілікті боксшы Иса Гомес Кинтанамен (11-7, 8 КО) қолға түйістірді, деп хабарлайды Sport.kz.

Жекпе-жек бесінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Қазақстандық 4 маусымда Миннеаполисте (Миннесота штаты, АҚШ) тағы бір мексикалық Алексис Салидомен (2-3, 1 КО) қолғап түйістіріп, екінші раундта оны да нокаутқа жіберген болатын. Бұл жекпе-жек Павлов үшін АҚШ-тағы дебюті еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: