Қазақ боксшы «Канелоның» андеркартында кубалық боксшыны нокаутқа түсірді

бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2022 09:37 Сурет: pixabay
Елнұр Абдураимов екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұған дейін ол кубалықты екі рет нокдаунға түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан атынан шыққан этникалық қазақ Елнұр Абдураимов (8-0, 7 КО) Сауль "Канело" Альварес Дмитрий Биволдың бокс кешінде өнер көрсетті, деп жазды Sports.kz.

Абдураимов жеңіліп көрмеген кубалық боксшы Мануэль Корреамен (11-0, 7 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа есептелген. Бірақ белгіленген уақытқа созылмады: Абдураимов екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұған дейін ол кубалықты екі рет нокдаунға түсірген.

Осылайша Елнұр Абдураимов кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Мануэль Корреа алғашқы жеңіліске ұшырады.

Кештің басты жекпе-жегінде Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) мен Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) жартылай ауыр салмақтағы WBA Super титулы үшін жұдырықтасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: