WBA чемпионы Бек Нұрмағанбет мексикалық боксшыны нокаутқа түсірді

Кәсіпқой бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2022 09:31 Сурет: Instagram/nurmaganbet.bek.kazbekuli
Орта салмақтағылардың жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген. Алайда Бек Нұрмағанбет оны екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) кәсіпқой рингте сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Мехикодағы (Мексика) бокс кешінде өнер көрсетіп, жергілікті боксшы Лусиано Араухомен (6-5-3, 3 КО) жұдырық түйістірді.

Осылайша Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті, ал Лусиано Араухо өз мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырады.

Бек Нұрмағанбет 2021 жылы супер орта салмақтағы WBA International титулын жеңіп алған болатын. 24 жастағы отандасымыз 2020 жылдан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: