Әбілхан Аманқұл Сауль Альварестің бокс кешінде мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді
Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустомен қолғап түйістірді. Жекпе-жек супер жартылай салмақта өтті және ол 8 раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, ойынды мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz.
Осылайша, Әбілхан Аманқұл кәсіби рингтегі 4-ші жеңісіне қол жеткізді.
Аманқұл - 2017 жылғы Әлем чемпионатының және 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Ол 2017 жылы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Қазір ол өзінің тәлімгері Эдди Рейносоның жетекшілігімен Саул Альварестің залында жаттығады.
Айта кетсек, 6 мамырда Ташкентте бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының екі боксшысы өнер көрсетті. Дулат Бекбауов пен Асланбек Шымбергенов те жеңіске жетті.