Анна Данилина жұптық сында әлемнің 13-ші ракеткасы атанды
Сурет: ktf.kz
Қазақстан теннисшісі Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұптаса отырып, Гвадалахарада (Мексика) өткен WTA 1000 әйелдер арасындағы ірі турнир атағын иелене алмады. Соған қарамастан 3860 ұпай жинаған ол бірден 13-ші орынға бір-ақ көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан-Бразилия тандемі шиеленісті ақтық сындағы жекпе-жекте Сторм Сандерс (Австралия) мен Луис Стефаниге (Бразилия) жол беріп қойды. Теннисшілер тура екі сағат ойнап, барлық үш сетте жанталаса тартысты. Матч Сторм/Стефани жұбының жеңісімен аяқталды - 7:6, 6:7, 10:8.
Соған қарамастан, Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя рейтинг бойынша жақсы ұпайларға ие болды және әлемдегі ең үздік әйелдер арасындағы қорытынды турнирге мерзімінен бұрын жолдама алды.
24 қазанда таңертең Анна Данилина жұп ойыншылар арасындағы әлемдік әйелдер рейтингіде 19-шы позициядан 13-ші орынға көтерілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript