Еркін күрестен ӘЧ: Қазақстан палуандары қос қола медаль иеленді
Сурет: kazakhstan__wrestling
Қазақстан палуандары Испанияда өтіп жатқан еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды. Қос қола жүлде Асыл Айтақын мен Әлішер Ерғалиге бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Испанияның Понтеведрада өтіп жатқан еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатында Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) және Асыл Айтақын (61 келіге дейін) қола жүлдегер атанды. Ауыр салмақтағы Әлішер Ерғали үшінші орын үшін таласта венгр палуаны Милан Корксогпен боз кілмге шықты.
Сурет: kazakhstan__wrestling
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Асыл Айтақын "қола" үшін таласта Грузия өкілі Рамаз Турманидзеден басым түсті.
Осылайша, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен Әлем чемпионатында дәл қазіргі уақытта Қазақстан қоржынына үш медаль келіп түсті. Алдында Дәулет Ереш күміс медаль еншілеген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript