Жаңалықтар тізбегі
0

Желідегі айтыс-тартыс: Азия чемпионы өзінің туған қаласы – Өскеменге жақтасты

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 22:55 Сурет: Instagram/rina_rg_kz
Көркем гимнастикадан Азия чемпионы Рената Жолдинова өзінің туған қаласы - Өскеменге қатысты тағы бір спортшының желідегі жағымсыз пікіріне жауап қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рената Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, джиу-джитсудан спорт шебері Гүлжан Нақыпованың сынына жауап берді. Нақыпова Өскемен қаласындағы көшелердің суретін желіде жариялап, қаланың жалпы күтімі жоқтығын, оны сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейімен байланыстыратынын жазды.

Бұған жауап бере отырып, Жолдинова: "Гүлжан, бәлкім, үстірт пайым жасап отырған боларсың", - деді.

Менің қалам – ең мықтысы! Өз басым Қазақстанның және әлемнің көптеген қаласында болдым, сондықтан "Өскемен - инфрақұрылымдары барынша қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі" деп сенімді айта аламын. Оның барлығын жаңаша реңке ие біздің аулалардан, даңғылдардан, жаңадан салынған аллеялар мен саябақтардан байқауға болады. Біздің қаламыз болашаққа ұмтылып, өмірі бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Біздің қаламызбен @G_nakipova жақынырақ танысса, өз ойын өзгертетініне сенімдімін. Кез келген қала сияқты Өскемен де жазда түрленіп, әдемі болып кетеді. Рената Жолдинова

Спортшы өз сөзіне дәлел ретінде парақшасына қаланың әдемі көріністерін сипаттайтын суреттерді жүктеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: