Бокстан Азия чемпионатының бесінші күні: Шаршы алаңда алты қызымыз бақ сынайды

АЧ-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2022 10:03 Сурет: instagram/boxingkazakhstan
Бокстан Азия чемпионатының кестесіне сәйкес, 5 қарашада ер спортшылар үзіліс алады. Есесіне Аммандағы (Иордания) шаршы алаңда алты қызымыз өз бағын сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан боксшылары ел намысын алты салмақ дәрежесінде қорғайды:

  • 52 кг. Жазира Орақбаева - Ким Чае Вон (Оңтүстік Корея).

  • 54 кг. Жайна Шекербеков - Хана Нарита (Жапония)

  • 57 кг. Карина Ибрагимова - Им Ае Джи (Оңтүстік Корея).

  • 63 кг. Аида Әбікеева - Маи Кито (Жапония).

  • 70 кг. Дариға Шәкімова - Пооджа (Үндістан).

  • 75 кг. Валентина Хальзова - Ловлина Боргохаин (Үндістан).

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы барлық 12 санатта өнер көрсетеді, осы уақытқа дейін тек бір боксшымыз өз бағын сынады.

Тақырыпқа орай: Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: