Еуропа лигасының өтпелі ойындары барысында "Барселона" мен "МЮ" кездеседі

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2022 22:53 Сурет: Instagram/europaleague
Еуропа Лигасының өтпелі матчтарының жеребесі тартылды, оның қорытындысы бойынша турнирдің 1/8 финалына жолдама алу үшін өзара таласқа түсетін командалар жұбы анықталды. Мұндағы ең тартымды матчтың бірі - Еуропаның екі мықты клубы - "Барселона" мен "МЮ" кездесуі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, қазіргі заманның ең мықты екі шабуылдаушысы бетпе-бет келеді: Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед") және Роберт Левандовский ("Барселона"). Оның үстіне, бұл амбициясы керемет екі жаттықтырушының тайталасы: Эрик тен Хаг ("МУ") және Хави ("Барса").

Айта кетсек, каталондық ұжым еуро ойындарда "МЮ" командасын соңғы 4 матчта ойсырата ұтқан.

Еуропа Лигасы ойындарында өзге мына командалар өзара бақ сынайды:

  • "Ювентус" - "Нант"

  • "Спортинг" – "Мидтюлланд"

  • "Шахтер – "Ренн"

  • "Аякс" - "Унион"

  • "Байер" - "Монако"

  • "Севилья" - "ПСВ"

  • "Зальцбург" – "Рома"

Аталған командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бірден кездесу өткізеді. Алғашқы матч 16 ақпанда басталады, бір аптадан кейін жауапты ойындарға кезек келеді. Өтпелі матчтардың жеңімпаздары Еуропа лигасының 1/8 финалына жолдама алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: