Александр Недовесов "Челленджер" сериясындағы 25-титулын қанжығалады

Қазақстан теннисшісі Александр Недовесов пен Украина өкілі Денис Молчанов жұбы Братиславада (Словакия) "Челленджер" турнирінде жеңіске жетті. Қазақстандық үшін бұл оның кәсіби мансабындағы 25-олжасы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан-украин жұбы жүлде қоры 67 мың евродан асатын Slovak Open турнирінде үшінші нөмірде өнер көрсетті.
Финалда Недовесов пен Молчанов чех теннисшілері Петр Нозу мен Андрей Полсонды 4:6, 6:4, 10:6 есебімен ұтты.
Осылайша Қазақстан спортшысының активінде "Челленджер" сериясындағы ATP турнирлерінің 25 титул бар десе болады: үшеуі – жекелей сында және 22 – жұптық сында.
Бір жыл бұрын Недовесов жеті атаққа ие болды, жекелей рекорд орнатқан еді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript