Александр Недовесов Испаниядағы "Челленджердің" жеңімпазы атанды

Александр Недовесов, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2024 14:01 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Испаниядағы "Челленджердің" жұптық сайысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Недовесов эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге шешуші матчта франциялық теннисшілер Жонатан Эйссерик пен Альбано Оливеттиге қарсы ойнады.

Қазақстандық-эквадорлық жұп қарсыластарын 7:6 (1), 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша, Недовесов "Челленджер" турнирлерінде 28-рет чемпион атанып отыр, оның 25-і — жұптық сында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: