Александр Недовесов Швециядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Александр Недовесов, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2024 18:33 Сурет: АТР
Бостад қаласында (Швеция) ATP 250 санатындағы турнир (топырақ төсеніші) өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Гонсало Эскобармен (Эквадор) бірге жұптық сында екінші айналым матчын (1/4 финал) өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар жартылай финалға жолдама берілетін ойында аргентиналық Федерико Кория мен жапониялық Таро Даниэльді 4:6, 6:3, 11:9 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 20 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстандық-эквадорлық жұп төрт эйс орындап, үш қос қателік жасап, сегіз брейк-пойнкттың екеуін сәтті пайдаланды.

Недовесов пен Эскобар финалға шығу үшін франциялық теннисшілер Мануэль Гинар/Грегуар Жакпен кездеседі. Александр мен Гонсало Бостадтағы турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген.

Сондай-ақ жұптық сындағы жартылай финалға аты аңызға айналған испаниялық теннисші Рафаэль Надаль мен әлемнің тоғызыншы ракеткасы Каспер Рууд (Норвегия) шықты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: