Футболдан ӘЧ-2022: Дания мен Тунис командалары тең тарқасты

Футболдан ӘЧ-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 21:20 Сурет: fifa.com
22 қарашада Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Д тобындағы командалардың ойыны басталды. Бірінші болып алаңға Дания мен Тунис командалары шықты. Қос команда да бір-бірінің қақпасына доп кіргізе алмай, 0:0 есебімен бейбіт тарқасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл кездесудің бірінші жартысы бірнеше айқын шабуылдармен есте қалды, екі жақтың да футболшылары көзге түсіп үлгере алды. Үзіліске бірнеше минут қалғанда Тунистің шабуылшысы – Жебали гол соғу мүмкіндігіне ие болды, алайда дат қақпашысы Шмейхель оны қағып жіберіп, командасын құтқарды. Бірінші таймның есебі - 0:0.

Екінші таймда дат ойыншыларының бірқатар жарқын сәттерін есепке алмасақ, ойында ерекше өзгерістер орын ала қойған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: