Жерлесіміз алғаш рет үстел теннисінен 2022 жылғы әлем чемпионаты жеңімпаздарының тізіміне енді
Сурет: Талап Койбагаров
Тунисте үстел теннисінен жастар арасындағы 19-әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық Алан Құрманғалиев аралас жұптық жартылай финалға өтті. Бұл - қазірдің өзінде марапат. Ол әлем чемпионатының жүлдесін алған тарихтағы тұңғыш қазақстандық атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағандылық Алан Құрманғалиев мысырлық Хана Годамен бірге аралас жұптық жартылай финалға шықты. Осылайша ол кем дегенде қола жүлдеге кепілдік беріп үлгерді.
1/8 финалда Қазақстан-Мысыр жұбы Энрике Риос/Карина Сенага Шираи (Пуэрто-Рико/Бразилия) жұбын 3:0 есебімен ұтса, ширек финалда француз Натан Лама/Гаетана Бледаның қарсылығын 3:0 есебімен бұзды.
9 желтоқсанға қараған түні Алан Құрманғалиевтің қатысуымен 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді. Сонымен бірге ол жеке санатта да ойнауды бастайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript