Жанқош Тұраров IBO Inter-Continental чемпионы атағын нокаутпен жеңіп алды

Жанқош Тұраров жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 09:53 Сурет: Instagram/zhankoshturarov
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров IBO Inter-Continental белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның қарсыласы Венесуэла өкілі Энрике Луис болды.

Жекпе-жек Алматыдағы бокс кешінде басты жекпе-жекке айналды және он раундқа жоспарланған еді. Жетінші раундта Тұраров қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, кейін оны нокаутқа түсірді.

Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы 26-жеңісіне қол жеткізіп, IBO екінші дәрежелі чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Луис Энрике Ромеро проф рингте алтыншы рет жеңіліске ұшырады.

Бұған дейін Жанқош Тұраров WBO Inter-Continental чемпионы болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: