Батыр Жүкембаев оңтүстік африкалық қарсыласын нокаутқа жіберді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2022 12:18 Сурет: видеодан алынды
Батыр Жүкембаев Алматыда өткен бокс кешінде оңтүстік африкалық қарсыласын жер жастандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Батыр бірінші жартылай орта дивизионда өнер көрсетті.

Негізінен, жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын, бірақ 6-шы раундта Жүкембаев қарсыласын нокаутқа жіберді. Бұған дейін де Мкотели бірнеше рет нокдаунға түскен болатын.

Бұл отандасымыздың 20-шы жеңісі (оның 16-сы мерзімінен бұрын болған), кәсіби рингте тек бір жеңілісі тіркелген.


Айта кетсек, Батыр Жүкембаев Қазақстанда кәсіби рингте бірінші рет өнер көрсетті. Бұған дейін 31 жастағы боксшының барлық жекпе-жектері Канада мен АҚШ-та өткен болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: