Жаңалықтар тізбегі
0

Франция футбол федерациясының басшысы Зидан туралы сөзі үшін кешірім сұрады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 18:41 Сурет: Twitter/Zinedine Zidane
Франция футбол федерациясының президенті Ноэль Ле Грэ дүйсенбі күні таңертең ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Зинедин Зидан туралы өз сөзіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

L ' equipe басылымының мәліметінше, Ноэль Ле Грей бұрын Зиданның Бразилия құрамасының бас бапкері болып тағайындалуы ықтималдығы туралы ақпаратқа дөрекі пікір білдірген.

"Егер ол сол жаққа (Бразилияға) кететін болса, мен таң қалар едім. Бірақ ол не істегісі келсе, соны жасайды, өз қалауы, мұның маған қатысы жоқ. Егер ол байланысқа шығып, менімен сөйлескісі келсе дейсіз бе? Ондай мүмкін емес, мен оның қоңырауына жауап та бермес едім", - дейді француз басылымы футбол федерациясы басшысының сөзін келтіріп.

FFF Президентінің бұл сөздері қоғамда үлкен талқы туғызды, Франция құрамасының мүшесі Килиан Мбаппе мен спорт министрі Амели Удеа-Кастер де одан қалыс қалмады. 

Француз шабуылшысы, Катардағы әлем чемпионаты финалындағы бірнеше голдың авторы Мбаппе Twitter-де былай деп жазды: "Зидан - Франция, осылайша аңыз адамды жер қылды".

Бұдан кейін Ноэль Ле Грейге өз ұстанымын нақтылауға тура келді.

"Бұл ыңғайсыз сөздерім көп арасында түсініспеушілік тудырды. Мен ол үшін бас иіп, кешірім сұрағым келеді. Алдында айтқан сөздерім жекелей ойыншыға әрі бапкерге қатысты менің ойымды немесе сезімімді де еш білдірмейді", - деді Ле Грэ ақталып.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: