Роналду "ПСЖ"-ға қарсы ойында команда капитаны болады

Сауд Арабиясы, Криштиану Роналду, әл-Наср, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 12:49 Сурет: Twitter/AlNassrFC_EN
19 қаңтарда Әр-Риядта (Сауд Арабиясы) француздық "ПСЖ" мен жергілікті команда арасында жолдастық кездесу өтеді, оның құрамына "әл-Наср" және "әл-Хилал" ойыншылары кіреді. Алаң иелерінің капитаны португалдық жұлдыз Криштиану Роналду болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Сауд Арабиясындағы ойын-сауық істері бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх таратты. Спорт шенеунігі Роналдуға капитандық таңғышты өзі таңып берді.

Осылайша, "әл-Наср" сатып алған Криштиану Роналду 19 қаңтарда жолдастық кездесуде өз клубында дебют жасайды. Матч Астана уақытымен 23:00-де басталады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: