Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемдегі ең мықты велошабандоз "Астана" командасының сапында өнер көрсететін болды

Astana Qazaqstan Team, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 21:27 Сурет: astana-qazaqstan.com
Astana Qazaqstan Team велоклубы әлемдегі мықты шабандоздардың бірі және Ұлыбритания чемпионы Марк Кавендишпен келісімшартқа отырды, ол жақын күндері қазақстандық құрама сапында бағын сынай бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марк Кавендиш "Тур де Франстың" 34 кезеңінің жеңімпазы болып табылатын велоспорт тарихындағы ең табысты шабондоздың бірі болып саналады. Ол тақтайдай түзу тас жолда алдына жан салдырмайды.

"Жаңа өзгеріс, шынымен де қобалжулымын, бұрын Александр Винокуровпен бірге жарыссақ, енді оның балаларымен бірге өнер көрсететін боламын. Олар менің есімде, қазіргі менің балаларым сияқты олар да кәсіби шабандоз болуды армандайтын. Менің ойымша, Astana Qazaqstan Team велоспорт чемпионы әрі джентльмен Винокуровтың жетекшілігіндегі мықты командамен бірге табысқа жетуге болатын жақсы орын болады. Менің тәжірибе жинаған жылдарым мол, бірақ велосипедтен ләззат алу, жеңіске жетуді қалауым сол бұрынғы қалпында, жап-жарқын. Командаммен немесе жекелей болсын, ол жағы маңызды емес, әйтеуір жеңістерге жету үшін жұмыс істеуге дайынмын, командаға қосылу сәтін асыға күтіп жүрмін. Мақсат біреу - жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілу". Марк Кавендиш


Өз мансабында британдық "Тур де Франс", "Джиро д 'Италия" және "Вуэльта Испания" сияқты үш үлкен турдың "шабандоз жейдесін" ұтып алған. 12 жыл бұрын Марк Кавендиш топтық жарыста әлем чемпионы атанды.

"Кавендишті таныстырудың қажеті жоқ, ол барлық уақыттағы ең үздік шабандоз, Маркты Astana Qazaqstan Team командасы сапында қарсы алуға қуаныштымын. Командамызда ең мықты шабандоздың пайда болуының өзі біз үшін кәдімгідей сынақ, бірақ біз бұған дайынбыз. Алдымыздан мүмкіндіктердің жаңа жолы ашылып жатыр, бірақ мақсатымыз бәз-баяғыша, команда кез келген жарыстарда, "классикада", көпкүндіктердің жекелеген кезеңдерінде әрі, әрине, Гранд-турларда жеңіске жетуге ұмтылатын болады. Марк Кавендиш те жеңіске ұмтылады және біз оның бұл тілегінің барлық жарыстарда орындалуы үшін қолдап-қолпаштап отыратын боламыз". Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров


Өткен маусымда Кавендиш Милан-Туриннің классикалық жарысында жеңіске жетті, сонымен қатар Джиро д ' Италия, Оман Туры және БАӘ туры кезеңдерінде үздік болып, ерекше көзге түсті. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: