Азия чемпионатында өнер көрсеткен тоғыз боксшы қыздың екеуі финалға жолдама алды
70 келіде өнер көрсететін Жасмин Кизатова мен 81 келіде Гүлсая Ержан алтын медальдан үмітті.
Жасминнің қарсыласы өзбекстандық Азиза Зорикова болса, Гүлсая тай боксшысы Порнипа Чутиға қарсы өнер көрсетеді, делінген kzsports-тың Instagram парақшасында.
Финал 25 қаңтарда Астана уақытымен 13:00-де басталады.
Айта кетсек, 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан Азия чемпионатында ерлер құрамасынан 11 спортшы өнер көрсетіп, оның алтауы финалға шықты. Олардың қатарында Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі) және Диас Молжігітов (75 келі) бар.
Оқи отырыңыз: Бокстан АЧ-2023: Алтын медальға таласатын алты боксшымыздың қарсыластары анықталды